Қоғам • Бүгін, 07:55

Франкофония фестивалі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірдің алғашқы күні елімізде дәстүрлі Франкофония көктемі фестивалімен басталды. Осымен 16-рет ұйым­дастырылған фестиваль аясында еліміздің бірнеше шаһарында – Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Қостанай қалаларында түрлі іс-шара жоспарланған.

Франкофония фестивалі

Сурет: af-neworleans.org

Француз тілі мен фран­цузтілді мәдениет­терінің алуан қырына арналған мәдени іс-шараны елдегі тоғыз елшілік – Бельгия Корольдігі, Канада, Франция, Люксембург, Литва, Марокко Корольдігі, Румыния, Армения, Швейцария  елшіліктері бірлесіп ұйымдастырады.

Он бес күнге созылған бағ­дарламаға сәйкес кино көр­сетілімдері, концерттер, конфе­ренциялар, әдеби кездесулер, көрмелер, француз тілі бойынша байқаулар сынды түрлі іс-шаралар өтеді.

«Франкофония көктемі фестивалін өткізу арқылы біз сіздерге француз тілінің бай­лығын көрсеткіміз келеді. Сондықтан бұл іс-шараның маңызы зор. Мен Өскеменге барып, француз киносы фестивалін ашамын. Сондай-ақ көрермен Армения, Канада, Марокко және басқа елдерден келген фильм­дермен таныса алады», деді Францияның Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге.

Фестиваль шымылдығын пианист Кристин Фонлюпттың Алматыдағы (30 наурыз) кон­церті ашты. Ал 2 сәуірде Қара­ғанды сахнасында жоспар­ланған. Сондай-ақ француз орындаушысы Voyou елімізге гастрольдік сапармен келеді. Оның концерттері Алматыда (10 сәуір), Шымкентте (11 сәуір), Астанада (12 сәуір) өтеді. Ал литвалық пианист Муза Рубацките 15 сәуірде Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театр сахнасында жеке концертін береді.

 

Соңғы жаңалықтар

Өңірдің көлік-логистикалық қуаты

Экономика • Бүгін, 09:10

Тұрмыс сапасы жақсарып келеді

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Тегеурінді теңіз күштері

Айбын • Бүгін, 09:00

Маэстро миниатюралары

Тұлға • Бүгін, 08:55