Фото: ДСМ
Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда бастапқы сот шешімінде заңсыз алынған табысқа қатысты мәселе толық қаралмаған.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған экс-шенеунік Түркиядан экстрадицияланды
Осыған байланысты Жоғарғы Соттың түсіндірмелеріне сәйкес іс қайта қаралды. Ережеге сай, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған табыс кінәлі адамнан толық көлемде алынып, мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс. Бұл талап ешқандай шығындарды шегермей, алынған барлық қаражатқа қолданылады.
Бас прокуратураның кассациялық наразылығы негізінде сот актілері өзгертілді. Нәтижесінде сотталған адамнан ойын бизнесін ұйымдастыру арқылы тапқан 20 909 365 теңге мемлекет кірісіне өндірілді.