Саясат • Бүгін, 07:35

Өзара тәжірибе мен ақпарат алмасуға әзір

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алқа мүшесі – Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичпен кездесті.

Өзара тәжірибе мен ақпарат алмасуға әзір

Сурет: primeminister.kz

Кездесу барысында тараптар бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселесін кеңінен талқылады. Жүйелі өзара іс-қимыл құру, үздік тәжірибелерді үйрену мен салалық органдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тәсілі қаралды.

«Мемлекеттік сатып алуды цифрландыру, бәсекелестікті дамыту және ЕАЭО нарығына тең қол жеткізу біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыты болып қала береді. Кедергілерді жоюға және бизнестің мүмкіндігін арттыруға арналған жүйелі жұмысты құру маңызды», деп атап өтті С.Жұманғарин.

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өзара тауар жеткізуді арттыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнімдерінің одақ елдерінің нарығына шығуына ерекше назар аударылды. Осы жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ алдағы V Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу туралы блоктың іс-шараларын дайындау мен өткізу мәселесі аясында пікір алмасты. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын пайдалану, бәсекелестік саясатта заманауи құралдарды қолдану мәселесіне арналған тақырыптық сессиялар талқыланды.

«Еуразиялық экономикалық форум – бірегей алаң. Халықаралық ұйымдардың, БРИКС, ЭЫДҰ әріптестерін шақыра отырып, тақырыптық секциялардың мазмұнын молайту маңызды. Бізде жыл сайын Еуразиялық монополияға қарсы форум өткізілсе, бәсекелестік құқық бойынша білім бағдарламалары да жұмыс істейді. Біліктілікті арттыру мақсатында да жүйелі жұмыс құрылған. Біз ынтымақтастыққа, тәжірибе мен ақпарат алмасуға әзірміз», деді вице-премьер.

Кездесу қорытындысында тараптар деректер алмасып, сараптамалық өзара іс-қимылға, кадрлық әлеуетті дамытуға, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58