АСТАНА. 27 наурыз. Apple корпорациясының басшысы Тим Кук өзінің бар байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ. Fortune басылымына берген сұхбатында ол 10 жасар туыс інісінің колледждегі оқуына кететін шығынды өтеп болған соң осындай қадамға баратынын айтты. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады.
Тим Кук қазірдің өзінде қайырымдылықпен айналысып келеді. Десек те, ол аздаған уақыт үзіліс алып, бұл істі жүйелеп алуды көздеп отыр. «Мен ақшамды оңды-солды шаша бермей, кедей-кепшікке жүйелі түрде көмектескім келеді», – дейді ол.
Бүгінгі таңда кәсіпкердің таза байлығы 120 миллион долларға тең. Сондай-ақ, ол Apple-дің құны 665 миллион долларды құрайтын акциясына ие.
54 жастағы менеджер Apple корпорациясын 2011 жылдың тамыз айынан бастап басқарып келеді. 2014 жылы ол CNN-нің анықтауы бойынша «Жылдың ең үздік атқарушы директоры» атағын иемденді.
Кук табысын қайырымдылыққа жұмсайтынын жариялаған алғашқы миллионер емес. Мұндай игі істің басында белгілі миллиардерлер Уоррен Баффет пен Билл Гейтс тұр. Олар 2010 жылы Giving Pledge атты филантропикалық кампаниясын құрды. Бұл ұйыммен серіктес болғысы келген адам бар байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсайтынын дәлелдеп, қолхат жазып беруі міндеті. Қайырымдылық шарасы ұйымға мүше миллионердің тірі кезінде және өмірден өткеннен кейін де жалғаса береді.
Бүгінге дейін Баффет пен Гейтстің бастамасына әлемнің әр түкпірінен 150-ден астам миллионер қосылды. Олардың арасында Майкл Блумберг, Джордж Лукас, Юрий Миллер, Дэвид Рокфеллер, Тед Тернер, Владимир Потанин, Рифард Брэнсон және Марк Цукерберг сынды атақты байлар да бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lifenews.ru.
Сурет: gayrussia.eu.
• 27 Наурыз, 2015
Apple басшысы бар байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48