Оқиға • Кеше

Ақмола облысында өзен тасып, көпірді су басып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде судың көп келуіне байланысты понтон көпір арқылы су асып-тасыды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында өзен тасып, көпірді су басып қалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, баспасөз қызметінің 2026 жылы 30 наурыздағы хабарламасына сәйкес, көпір ауылдың негізгі бөлігін 28 тұрғын үй орналасқан көшелердің бірімен байланыстырады.

«Балама жол болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша оқиға орнында өткел ұйымдастырылды. Құтқарушылар қайықпен 16 адамды тасымалдап, тұрғындардың үйлеріне жетуіне және азық-түлік алуына мүмкіндік жасады. Жергілікті атқарушы органдар арнайы техниканың көмегімен мұз кептелісін жойып, көпірдің бұзылуына жол бермеді», делінген ТЖМ хабарламасында. 

Қазіргі уақытта көпір қалыпты жағдайда, су деңгейі төмендеп жатыр. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ қызметкерлері мен полиция кезекшілікті жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар