Фото: Абай облысы әкімдігі
Аружан бұл жобамен 7 сыныптан бастап жүйелі түрде айналысып келеді. Ізденіс барысында ол пластик қалдықтарын арнайы өңдеп, асфальт құрамына қосудың тиімді тәсілін тапқан. Ұсынылған әдіс жол жабынының беріктігін арттырып, оның қызмет ету мерзімін едәуір ұзартады.
Мамандардың бағалауынша, мұндай технологиямен салынған жолдар орта есеппен 12-18 жыл бойы жөндеуді қажет етпейді, ал сапасы жоғары үлгілері 20-25 жылға дейін төзімді. Сонымен қатар эко-асфальт дәстүрлі жол жабынымен салыстырғанда әлдеқайда үнемді екені атап өтілді.

Жобаның тағы бір маңызды қыры – жол сапасын бақылауды автоматтандыру мүмкіндігі. Келесі кезеңде оқушы арнайы автономды роботтар жүйесін енгізуді көздеп отыр. Оның түсіндіруінше, «А» роботы жолдағы ақауларды анықтайды, ал «В» роботы оларды жедел жөндейді. Бұл тәсіл уақытты үнемдеп, жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Жас өнертапқыштың басты мақсаты – пластик қалдықтарын тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау және жол құрылысына инновациялық шешім енгізу. «Эко асфальт» жобасы арқылы Аружан туған өңірінің экологиясын жақсартуға нақты үлес қосып отыр.
Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?