Наурыздың 23-і күні түнде WBA Fedelatin версиясы бойынша чемпиондық атағын қорғаған қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Орландо Де Хесус Эстраданы 4-раундта нокаутпен жеңді.
Орта салмақта өнер көрсетуші қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқойлар рингінде осымен 19-шы рет жеңіс тойын тойлады. 30 жастағы қазақстандық колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрадаға қарсы ұрыста WBA Fedelatin версиясы бойынша чемпиондық атағын сақтап қалды.
Жекпе-жек Колумбияның Баранкилья қаласында өтті. Ұрыстың алғашқы минутынан бастап Қанат қарсыласын соққының астына алды. Екінші раунд та біздің боксшының басымдығымен өтті. Бірақ бәсекелесін кіндіктен төмен ұрып алған одан бір ұпай кемітілді. Мұның есесіне, Қанат келесі раундта колумбиялықты екі рет нокдаунға жіберді. Төртінші раундтың басында Қанат сол қолының қарымымен қарсыласын тағы да рингке ұшырып түсірді. Рефери нокдаун уақытын толық санап шықты. Шайқас қайта жалғасты. Бірақ төреші сәлден кейін ұрысты тоқтатып, қазақ жігітінің жеңгенін жария етті. Бұл Қанат Исламның 19-шы шайқасын да жеңіспен аяқтағанын көрсетті. Ол бұлардың 16-сында айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған. Әзірге бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ.
Осы күні Колумбия рингіне қазақстандық тағы бір боксшы – Жанқош Тұраров та көтерілді. Ол да колумбиялық боксшымен ұрыс өткізді. Осы рейтингілік ұрысын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз қарсыласын 7-раундта бет қаратпай тастады. Сөйтіп, төрешінің шешімімен оған жеңіс беріліп, қарсыласына техникалық нокаут жазылды.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше