Қазақстан • Бүгін, 19:35

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

Оның айтуынша, 2019 жылдан бері елде 1200-ден астам жаңа мектеп салынған.

«Осы кезеңде біз үш ауысымды мектептер санын төрт есе, ал апатты мектептер санын екі есе қысқарттық. Қазіргі таңда елімізде 53 үш ауысымды мектеп және 32 апатты мектеп қалды. Бұл – барлық мектептердің 1%-дан азы», деді ол.

Министрлік мектеп бағдаламасын қалай өзгертпек?

Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, 2026 жылы 50 мың оқушыға арналған 90 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жүзеге асса, үш ауысымды оқу мен апатты мектептер мәселесі толық шешіледі.

Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады

Соңғы жаңалықтар