Фото: Ашық дереккөз
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына Үржар ауылының 24 жастағы тұрғыны шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол 2025 жылдың ақпан айында алаяқтық әрекеттің құрбаны болған.
Елімізде жалған дипломдарды анықтайтын цифрлық портал құрылды
Тергеу барысында анықталғандай, 44 жастағы әйел медициналық мамандық бойынша диплом дайындап беремін деген желеумен азаматтың сеніміне кіріп, қаражатын иемденген. Диплом алып, дәрігер атанғысы келген жәбірленуші күдіктіге 600 000 теңге көлемінде ақша берген. Алайда, уәде етілген қызмет көрсетілмей, алаяқ қаражатты өз қажетіне жаратқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға кез келген құжатты «жылдам» немесе «бейресми» жолмен рәсімдеудің заңсыз екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер қаржылық шығынға ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соқтыруы мүмкін.