Фото: Ақорда
Мақалада жаңа Ата Заң елді жаңарту мен жаңғырту жолындағы қоғамдық сұранысқа жауап беретін тарихи таңдау екені ерекше атап көрсетілген.
Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, жаңа Конституция ұлт бірлігінің іргетасына айналып, турбулентті дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне дер кезінде берілген жауап болды.
«Бүгінде президенттік реформалар жай ғана өзекті емес, олар жаһандық өзгерістер ағынының ажырамас бөлігіне айналды. Әлемдегі қуатты күш орталықтарының бұрынғы жүйесі әлсіреп, жаңа күштер қалыптасып келе жатқан кезеңде өз егемендігін бәрінен жоғары бағалайтын, біртұтас ұлт қана жаңа әлемде лайықты орнын таба алады. Біз геосаяси дауылға дайын екенімізді көрсеттік. Бұл біртұтас, Әділетті Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», деп жазады Сенат Төрағасы.
Мақалада сондай-ақ жаңа жаһандық шындық жағдайында елдің одан әрі дамуының негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда, мультиплексті әлемнің қалыптасуы, сыртқы саясаттың трансформациясы, сондай-ақ желілік егемендік моделіне көшу мәселелері сөз болады. Бұл модель аясында Қазақстан жаһандық экономикалық және көлік байланыстарының маңызды әрі алмастырылмайтын тораптарының бірі ретіндегі рөлін күшейтеді.