Фото: fingramota.kz
Банктердің сенімді қорғауын ескере отырып, алаяқтар техникалық кемшіліктерді емес, пайдаланушылардың қателерін көбірек пайдаланады. Сондықтан алаяқтардан сақтану үшін мына қағидаларды есте сақтаған жөн:
Қоғамдық Wi-Fi желісін қолданарда абай болыңыз
Кафе, сауда орталықтары және қонақ үйлердегі қоғамдық Wi-Fi желілері қауіпсіз болмауы мүмкін. Алаяқтар мұндай орындарда жалған кіру нүктелерін құруға, трафикті ұстап қалуға немесе зиянды элементтерді енгізе алады.
Мобильді банкингті қорғау үшін:
- қай желіге қосылатындығын, сол орынның қызметкерлерінен желінің ресми атауын сұрап, тексеріңіз;
- егер сайттың немесе қосымшаның интерфейсі әдеттегіден өзгеше болса логиндерді, парольдерді немесе карта деректерін енгізбеңіз;
- операциядан кейін сессияны қосымшада аяқтаңыз.
Тегін кітаптар қауіпті: Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Сенімді құпиясөздерді қолданыңыз
Банктік қосымшаның құпиясөзі күрделі және бірегей болуы тиіс. Әлеуметтік желілер немесе электрондық пошта үшін бірдей құпиясөзді пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздікті арттыру үшін:
- кемінде 10 символ болатын құпиясөз ойлап табыңыз;
- түрлі тіркелімдердегі әріптерді, цифрларды және арнайы символдарды қолданыңыз;
- құпиясөздерді телефондағы жазбаларға немесе мессенджерлерге жазбаңыз;
- қажет болған кезде құпиясөздердің сенімді менеджерін (мысалы, Google-ға немесе Apple ID-ға орнатылған) қолданыңыз.
Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз (2FA)
Екі факторлы аутентификация – бұл кіруді біржолғы код арқылы растауды (мысалы, SMS бойынша) талап ететін қосымша қорғау. Ең жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:
- банк қосымшасына 2FA-ны іске қосыңыз;
- SMS немесе мүмкіндігінше аутентификациялау қосымшаларын (Google Authenticator, Microsoft Authenticator және т.б.) қолданыңыз;
- қоңырау соғушы өзін банк қызметкері ретінде таныстырса да растау кодтарын телефон арқылы немесе мессенджер арқылы жібермеңіз.
Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды
Банктің хабарламаларын іске қосыңыз
Шот бойынша кез келген операция туралы SMS немесе push-хабарламалар алу қызметін қосыңыз. Бұл сізге күдікті әрекетті бірден байқауға және оны дереу бұғаттауға мүмкіндік береді.
Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеңіз
Мобильді банк қосымшаларын тек ресми дүкендерден (App Store, Google Play) және тек ресми әзірлеушілерден орнатыңыз. Мессенджерлердегі, хаттардағы, SMS немесе әлеуметтік желілердегі күмәнді орнату сілтемелері бойынша өтпеңіз. Бұл зиянды бағдарламаны орнатуға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыға қолжетімділікті шектеңіз
- бұғаттан алу үшін PIN-код, саусақ ізін, немесе Face ID қолданыңыз;
- құпиясөздерді ашық күйінде, әсіресе жазбаларда немесе ашық құжаттарда сақтамаңыз;
- телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сим-картаны және қосымшаларға қолжетімділікті дереу бұғаттаңыз.
Қосымша қауіпсіздік шаралары
- аударымдарға тәуліктік лимит белгілеңіз;
- банк қосымшасындағы белсенді құрылғылар тізімін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз;
- телефон нөміріңізді ауыстырған жағдайда, операцияларды растау және хабарламалар алу мүмкіндігін сақтау үшін бұл туралы банкке міндетті түрде хабарлаңыз.
Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің қызметкерлері растау кодтарын, құпиясөздерді немесе карта деректерін ешқашан сұрамайтынын ескертеді. Егер мобильді банкингте күдікті әрекеттерді байқасаңыз дереу банкке жүгініңіз.