АЛМАТЫ. 26 маусым. Алатау ауданының Райымбек көшесіне орналасқан «Жібек Жолы» базарындағы атыстың мән-жайы анықталды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Тергеу барысында Шығыс-Қазақстан облысының екі азаматы алматылық кәсіпкерге қарулы шабуыл жасамақ болғаны айғақталды. Күдіктілер мінген автомобиль діттеген жеріне бет алған тұста олардың алдынан полиция қызметкерлері шығып, тосқауыл қояды. Алайда, күдіктілер ізін жасыру мақсатымен полицейлерге қарсы оқ атқан. Қалалық ішкі істер департаменті осындай мәлімет таратты.
«Арлан» тобы араласқан шұғыл операция кезінде Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданының 45 жасар тұрғыны тұтқындалды. Ал екінші күдікті полицияға қарсылық көрсетіп, атыс кезінде оққа ұшты. Тәртіп сақшылары қылмысты топтың көлігінен карабин, револьвер, травматикалық пистолет тапты. Қару-жарақ сараптау орталығына жіберілді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55