Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстанға карантиндік өнімдерді заңсыз әкелудің 145 дерегі анықталды.
АШМ-нің Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі (АӨК) мемлекеттік инспекторлар жүргізген бақылау барысында фитосанитариялық талаптарға сай келмейтін өнімдерді ел аумағына заңсыз енгізу әрекеттерінің жолы кесілген. Тексерулер нәтижесінде фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы және белгіленген нормалардың сақталмауы сияқты заңбұзушылықтар анықталды.
Мамандардың айтуынша, карантиндік фитосанитариялық бақылау жүйелі түрде күшейтіліп отыр. Бұл шаралар ел аумағына қауіпті зиянкестер мен аурулардың енуіне жол бермеуге бағытталған.
Тексеру қорытындысы бойынша заң талаптарын бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Министрлік мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жалпы, жүргізіліп жатқан шаралар Қазақстанның фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің таралуының алдын алуға және ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді