Президент • Бүгін, 02:23

Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.

«Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», деді Мемлекет басшысы. 

Т

Сонымен қатар Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация және жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды. 

«Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, креативті индустрия өкілі, кәсіпкер Камиль ⁠Байрамов, белсенді жастар ⁠Ержан Хамитов пен Нұрбол Серікбай сөз сөйледі.

Р
Жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ елімізде қолға алынған өзгерістердің барлығын қолдайтынын айтты.

Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум өтті. Елдің барлық өңірінде, сондай-ақ шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс беру учаскелері ашылды. Қазақстандықтар «конституциялық реформаны қолдай ма, әлде қолдамай ма» деген сұраққа жауап берді.

Аумақтық комиссиялардың деректеріне сәйкес, елдің барлық өңірінде референдумға 9 126 850 қазақстандық келіп дауыс берген. Алдын ала мәлімет бойынша, референдумдағы жалпы қатысу деңгейі 73,24% болды.

Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды

Соңғы жаңалықтар