«AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жүргізген сауалнама барысында 400-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Exit poll-ға 24 мың азамат қатысты. Сауалнама 200 дауыс беру учаскесін қамтыды.
Exit poll нәтижесі бойынша, референдумға 72,1% дауыс берушілер келді. Қатысушылардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдаймын деп дауыс берді.
Айта кетейік, бұған дейін Еуразиялық интеграция институты және «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда жүргізілген Exit poll нәтижелерін жариялаған еді.