Референдум • Бүгін, 17:15

Нұржан Нұржігітов: Әр азаматтың дауысы елдің даму бағытын айқындайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұржан Нұржігітов: Әр азаматтың дауысы елдің даму бағытын айқындайды

«Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде маңызды шешімнің барлығы халықтың талқылауы арқылы қабылданады. Бүгінгі референдум – дәл сондай маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені әрбір қазақстандықтың дауысы елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындауда ерекше мәнге ие», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, министрдің тапсырмасымен «Қазсушар» РМК-ның барлық филиалы мен өндірістік бөлімшесінде, сондай-ақ бассейндік су инспекцияларында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған іс-шаралар өтті.

Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды

Кездесуге қатысушылар еліміздің басты заң жобасына енгізілген негізгі түзетулерді қарап, су ресурстарын басқаруға және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларына әсер ететін ережелерді талқылады.

ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар