Референдум • Бүгін, 16:20

Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті

Фото: Ulysmedia.kz

Бұл көрсеткіш тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрайды.

ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың референдум учаскесіне келу көрсеткіші: 

Абай облысы – 69,29 %

Ақмола облысы – 71,33%

Ақтөбе облысы – 77,65 %

Алматы облысы – 68, 23 %

Атырау облысы – 64,33 %

Батыс Қазақстан облысы – 60,61 %

Жамбыл облысы – 70,31 %

Жетісу облысы – 68,50 %

Қарағанды облысы – 72,63 %

Қостанай облысы – 70,96 %

Қызылорда облысы – 82,02  %

Маңғыстау облысы – 68,19 %

Павлодар облысы – 68,41 %

Солтүстік Қазақстан облысы – 60,70 %

Түркістан облысы – 72,39 %

Ұлытау облысы – 66,50 %

Шығыс Қазақстан облысы – 78,98 %

Астана қаласы – 47,76 %

Алматы қаласы – 28,16 %

Шымкент қаласы – 72,61 %.

Байқаушылар: Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес өтіп жатыр

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды. Дауыс беру учаскелеріне азаматтардың келу көрсеткіші туралы келесі ақпарат сағат 18:00-де жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар