27 Наурыз, 2015

Өшпес мұра қалдырғаны аталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
AkordaМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур Республикасының Премьер-министрі Ли Сянь Лунге осы елдің тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Юдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Қазақстан Пре­зиденті Сингапур мемлекетінің не­гізін қалаған жаһандық ау­қым­дағы көрнекті саяси қай­рат­кер Ли Куан Юдың қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған. «Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос санадым, одан көп тәжірибе алдым. Орны тол­мас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және же­ке өзімнің атымнан туған-туыс­тары мен жақындарына, сондай-ақ,  барша Сингапур халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурдың әлемдік беделін нығайтып, оның Азиядағы жетекші ел ретінде қалыптасуы үшін Ли Куан Юдың орасан күш-жігер жұмсағанын және сол арқылы артына өшпес мұра қалдырғанын атап өткен. «Қазақстан халқы Ли Куан Юдың біздің ел­деріміздің арасындағы берік достық қаты­настарды нығайтуға қосқан зор үлесін ешқашан ұмытпайды», – делінген жеделхатта.