Референдум • Бүгін, 15:21

Учаскеге дейін жеткізіп салады: Жас сайлаушылар автоеріктіге айналды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңызды науқан аясында Сырдария ауданындағы Жас сайлаушылар клубының мүшелері бастама көтеріп, дауыс берушілерге автоерікті ретінде қызмет көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Учаскеге дейін жеткізіп салады: Жас сайлаушылар автоеріктіге айналды

«Референдумға өз үлесімізді қосқымыз келді. Қарияларды, өздігінен жүріп келуі қиын жандарды учаскеге жеткізуге бел байладық. Осылайша дауыс беруші азаматтарға көмек көрсетіп жатырмыз», дейді клуб мүшесі Бейбарыс Көпболсынов. 

Өзбекстан ОСК төрағасы: Жастар белсенділігі – азаматтық жауапкершілік көрінісі

Облыста 378 учаске болса, оның 18-і Сырдария ауданында орналасқан.  

Қарағанды облысында мотобайкерлер де таңдау жасады

Бұдан бөлек, облыста 67 инватакси дауыс берушілердің өтінішіне сай қызмет көрсетеді. Қажеттіліктерге қарай учаскелерде ымдау тілінің 49 маманы көмекке келеді. Сондай-ақ, Брайль қарпімен жазылған трафереттер де таратылды.

 

Соңғы жаңалықтар