Фото: MFA Qazaqstan
Чехияның Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшылар еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбужақынова Чехиядағы референдум учаскесіне арнайы барып, ел ертеңі үшін таңдауын жасады.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан ұлттық құрама мүшелері Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 референдум учаскесіне арнайы барып, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауын жасағанын хабарлағанбыз.