Референдум • Бүгін, 11:25

Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш қаласының 99 жастағы ардақты анасы Кәмпит Төлендинова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Кәмпит әже Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясындағы №204 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді

Ғасыр жасаған ақ жаулықты ана ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқаннан қалыс қалуды жөн көрмегенін айтады.

– Балаларымның, немерелерім мен шөберелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Халқымыз аман болсын, еліміз тыныш болсын! Қазақстанымыз жасай берсін! Балқашымыз гүлдене берсін! Оразаларыңыз қабыл болсын! Келе жатқан қазақтың жаңа жылы – Наурыз құтты болсын! Мен енді жүзге таяп қалдым ғой, берген батам қабыл болсын! – деп ақ батасын жаудырды Кәмпит әже.

Айта кетейік, Кәмпит Төлендинованың жары, марқұм Жазбек Сатымбекұлы – Балқаш қаласының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне зор үлес қосқан тұлға. Ол ұзақ жылдар журналистика саласында еңбек етіп, Балқаш телестудиясының директоры қызметін атқарған. 2000 жылы оған «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген. Сондай-ақ, 2010 жылдан бері Балқаш қаласында бір көше Жазбек Сатымбекұлы Төлендиновтің есімімен аталады.

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

Ақжаулықты ананың елдік іске үн қосып, өз таңдауын жасауы – кейінгі ұрпаққа үлгі, қоғамға өнеге.

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді

Қарағанды облысы
Балқаш қаласы

Соңғы жаңалықтар