Облыстағы қоғамдық көліктің барлық бағыттары жолаушыларды тегін тасымалдап, тұрғындар арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Аталған игі бастама өңір халқы мен қонақтарының кең қолдауына ие болып, көпшілік тарапынан алғысқа бөленді.
Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады
Тұрғындар мерекелік күні тегін жол жүру мүмкіндігін жасаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Қоғамдық көлікте тегін жол жүру бүгін сағат 21:30-ға дейін жалғасады. Сонымен қатар түнгі ауысымдағы №10 және №11 қалааралық бағыттары да жолаушыларды тегін тасымалдайды.