Референдум • Бүгін, 09:47

Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық референдумның өтуіне байланысты бүгін елордадағы автобустармен қатар, қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктерде де жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

«Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды», делінген хабарламда.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр

Сонымен қатар Алматы мен Ақтауда, Атырауда қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Павлодар өңірінің халқы 520 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09