Референдум • Бүгін, 09:13

Мәулен Әшімбаев: Референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдумда дауыс берді. Палата Спикері өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан дауыс беру учаскесінде жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі

Мәулен Әшімбаев республикалық референдумның тарихи мәніне тоқталып, әр дауыстың маңызды екенін және ол жоғары азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі саналатынын атап өтті.

«Бүгін егемен еліміз үшін маңызды күн. Қазақстанның жаңа Конституциясы жалпыұлттық референдумға шығарылып отыр. Бұл ретте азаматтық белсенділік айрықша мәнге ие. Себебі, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Сондықтан референдумға қатысып, дауыс беру – әр қазақстандық үшін өз құқығын жүзеге асырып, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға үлес қосатын үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ бұл референдум – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі. Яғни, мемлекеттік маңызға ие шешімдер халықтың пікірі ескеріле отырып қабылданады. Осыған орай барлық азаматты ел ертеңіне бей-жай қарамай, референдумға белсенді қатысып, мемлекеттің ұзақмерзімді дамуын көздейтін мәселеге байланысты өз таңдауларын жасауға шақырамыз. Мұндай маңызды кезеңде әр дауыс үлкен рөл атқарады және ол – жоғары азаматтық жауапкершіліктің белгісі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Референдум: 14 мыңнан астам адам шетелде дауыс береді

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09