Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ демографиялық саясатты іске асыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіруге ықпал етеді. Бұл қызмет мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге де арналған.
Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?
Ұлттық комиссия әйелдер құқығын қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету, отбасы институтын қолдау және демографиялық саясатты дамыту бағытындағы мемлекеттік бастамаларды үйлестірумен айналысады. Снежанна Имашеваның жаңа қызметі осы салалардағы жұмысты жүйелеуге және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталмақ.