Футбол • Бүгін, 11:44

Литваның бірнеше дүркін чемпионы «Атырау» клубына бас бапкер болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңір командасының бас бапкері лауазымына Владимир Чебурин таңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Литваның бірнеше дүркін чемпионы «Атырау» клубына бас бапкер болды

Жергілікті футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық маман еңбек жолын Қарағандының «Шахтёр» клубында ойыншы болып бастаған.

«2009 жылы «Шахтёр» клубын ел чемпионатының қола жүлдесіне жеткізіп, Қазақстан Кубогының финалына шығарды. Кейін «Оқжетпес» клубын қайтадан Премьер-лигаға алып шықты. Халықаралық деңгейде де үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның жетекшілігімен Литваның «Судува» клубы үш рет ел чемпионы атанды. Аталған команда Еурокубоктарда сәтті өнер көрсетіп, УЕФА турнирлерінің плей-офф кезеңіне дейін жетті», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Ол жаттықтырған Литваның «Жальгирис» клубы үш мәрте ел чемпионы, екі мәрте Литва Кубогының жеңімпазы атанған. Осындай жетістіктері үшін Владимир Чебурин Литвада үш рет «Жыл бапкері» атағын иеленген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20

Сыйлыққа да талғам керек

Таным • Бүгін, 10:15

Кран тізгіндеген Рәзия

Әйел әлемі • Бүгін, 10:10

Бала деп байыз таппаған...

Қоғам • Бүгін, 10:05

«Альфа» да анадан туады

Пікір • Бүгін, 09:50

Димаштың әжесі

Әйел әлемі • Бүгін, 09:45