«Біз отыз жылдан бері қолданыстағы Конституциямен өмір сүріп келеміз. Оған көптеген өзгеріс енгізілгені сондай, ол қазір жамауы көп құжатқа айналды. Ал қазір ұсынылып отырған жаңа жоба – қолданыстағы Ата заң секілді құрама мәтін емес, біртұтас жүйелі құжат. Мемлекет те, қоғам да, әлем де өзгерді. Бүкіл дүние цифрлық дәуірге аяқ басып жатыр. Осы тұрғыда Конституцияның жаңарғаны да дұрыс бастама», деді ол.
Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Заңгердің айтуынша, қазіргі Негізгі заң мемлекетке бағдарланған құжат болса, жаңа жоба адамға бағдарлануымен ерекшеленеді. Мұнда адам құқықтары мен бостандықтары басты назарға алынған.
«Жаңа жоба сот жүйесін күшейтеді. Конституция тек әдемі құжат қана болмауы керек. Ол адамды қорғайтын жұмыс құралы болуға тиіс. Соның бір құралы – адвокатура. Мені адвокат ретінде қуантқаны – осы сала туралы норманың Негізгі заңға енгізілгені», деп атап өтті ол.
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Сондай-ақ Н. Жолболов дамыған мемлекет жаңарудан қорықпауы керек екенін тілге тиек етті. Оның пікірінше, Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт.
«Осыған орай алда болатын маңызды іс-шарадан азаматтарымыз шет қалмауы керек. Референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Мен заңгер ретінде жаңа Конституция жобасын қолдаймын. 15 наурызда сіздерді де дауыс беруге шақырамын», деді ол.
Сонымен бірге Су ресурстары және ирригация министрлігі «Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» КеАҚ комплеанс-офицері Қанат Мұсапарбеков те жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін білдіріп, 15 наурызда ел тағдыры таразыға түсетінін айтты.

Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
«Бұл тек дауыс беріп қана қоятын күн емес, бұл – ұрпағымыздың болашағы үшін қабылданатын тарихи шешім. Ата заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің мызғымас негізі. Ол әр азаматтың құқығы мен бостандығын айқындайды, әділетті қоғам құрудың берік кепілі болады. Жаңа өзгерістер жаңару мен даму жолындағы батыл қадам. Сондықтан алдағы референдум – баршамызға ортақ жауапкершілік», деп атап өтті ол.