Фото: ашық дереккөз
Компания дерегінше, бірнеше өңірде жолдар қайта ашылып, барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді, алайда кей аймақтарда қолайсыз ауа райына байланысты уақытша шектеулер сақталып отыр.
Ашылған жол учаскелері
Қызылорда облысында
-
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1997 шақырымы аралығында (Арал қаласы – Жаңақорған кенті) барлық көлік қозғалысына рұқсат берілді.
Ақтөбе облысында
-
«Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет бекеті)» автожолының 39-136 шақырымы аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекаралық өткізу пункті) ашық.
Ақмола облысында
-
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» жолының 532-552 шақырымында жол ашылды(Бұзылық – Сұрған);
-
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолының 232-260 шақырымы (Қостанай облысы шекарасы – Сұрған кенті) ашық тұр;
-
«Жақсы – Есіл – Бұзылық» жолының 71-82 шақырымы (Ақcай – Бұзылық);
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» жолының 268-407 шақырымы ашылды(Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы – Атбасар қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысында
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» жолының 407-429 шақырымы ашық(Чистополье ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Қостанай облысында
-
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырымында жол ашылды (Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы).
Уақытша жабылған жолдар
Қолайсыз ауа райына байланысты кейбір бағыттарда барлық көлік түріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Батыс Қазақстан облысында
-
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырымы (Барбастау – Ақтөбе облысының шекарасы).
Ақтөбе облысында
-
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» жолының 526-702 шақырымы (Маржанбұлақ – Батыс Қазақстан облысының шекарасы);
-
KZ 04-01 «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет бекеті)» 39-136 шақырымы;
-
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» жолының 5-234 шақырымы (Қарабұтақ – Қостанай облысының шекарасы);
-
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» жолының 11-337 шақырымы (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысында
-
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).
Қостанай облысында
Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
-
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» жолының 234-549 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қостанай қаласы).
Павлодар облысында
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы маңында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) көпір құрылымының шеткі арқалықтарының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Қар, жаңбыр және боран: 6 наурызға арналған ауа райы болжамы
Таулы аймақтағы шектеу
Сонымен қатар Осиновский перевал учаскесінде қыс мезгілінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу енгізілген. Шектеу «Северный» ауылына бұрылыс пен Серебрянск қаласына бұрылыс аралығындағы 46-66 шақырым учаскесіне қатысты.
Жүргізушілер жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтан ала алады.