Фото: gov.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, қазір Жоғарғы Тобыл су қоймасы – 70%-ға, ал Қаратомар су қоймасы – 63%-ға толған.
Су қоймаларында 461 млн текше метр бос сыйымдылық бар. Бұл жобалық көлемнің 33 пайызына тең. Ал болжанып отырған су көлемі 459 млн текше метрге дейін жетуі мүмкін.
Аймақта көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, іс-қимыл жоспары бекітілген. Қостанай филиалы нысандарында кіреберіс жолдар мен аумақтарды қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды
«Қажетті инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры дайындалып, су тасқыны кезеңіне 36 техника әзірленді. Олардың қатарында экскаваторлар, бульдозерлер, тиегіштер, тракторлар, автокөліктер, моторлы қайықтар, катерлер және басқа да техника бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Челябі және Қорған облыстарының су қызметтері, «Қазгидромет», Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты түрде ақпарат алмасу жүргізіліп отыр. 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықты үйлестіру бойынша облыстық жедел штабпен кеңестер өткізіліп жатыр», деді «Қазсушардың» Қостанай филиалының директоры Мұхтар Жұманов.