Президент • Бүгін, 08:26

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Президент пен Тақ мұрагері қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айында орын алғанына қынжылатындарын жеткізді. Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты.

Өз кезегінде Тақ мұрагері қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады.

Тараптар екіжақты қатынастарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру, сондай-ақ халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты арттыруға уағдаласты.

Бұған дейін Президент Оман Сұлтаны және Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлескенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар