Кездесуге сондай-ақ Шымкенттің іскер топ өкілдері, университеттің профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты.
Іс-шарада бизнес пен басқару саласындағы білімді тереңдету, заманауи басқарушы кадрлар даярлау,оқу орны мен кәсіпкерлік орта арасындағы өзара байланысты нығайту жайы сөз болды.
Динара Шүкіжанова: Жаңа Конституция бизнестің дамуының берік негізін қалыптастырады
Сонымен қатар мамандардың біліктілігін арттыру, басқарушылық құзыреттерді дамыту, тәжірибе алмасу және халықаралық тәжірибеде қолданылатын заманауи білім беру технологияларын енгізу мүмкіндіктері сараланды.
Басқосуда цифрлық, интерактивтік оқыту әдістері, иммерсивті, виртуалды технологияларды қолдану арқылы бизнес құру мен оны басқаруды интерактивті модельдейтін заманауи құралдар таныстырылды.
Президент: Бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау керек
Өз кезегінде тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.