Қоғам • Бүгін, 11:52

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел тұрғындары енді «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысушы ғана емес, оның инвесторы да бола алады. Отбасы банк 2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізеді. Сауда қорытындысы бойынша банк «Наурыз» бағдарламасы аясында азаматтарды несиелендіру үшін 200 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?

Фото: Ашық дереккөз

Орналастыру шарттары: Бағдарламаға сұраныс жоғары

  • Бір облигацияның номиналдық құны – 1000 теңге.
  • Жоспарланған кірістілік мөлшерлемесі – шамамен жылдық 17,5%.
  • Айналым мерзімі – 5 жыл.
  • Купондық төлемдер – жылына 2 рет.

Егер сауда нәтижесінде кірістілік 17,5% деңгейінде бекітілсе, инвестор әр 6 ай сайын салынған соманың 8,75% мөлшерінде табыс алады. Бұл – тұрақты әрі болжамды кіріс көзі.

10 наурыздан бастап «Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Маңызды артықшылықтардың бірі – облигациялар бойынша алынған сыйақыға салық салынбайды. Бұл банк Қазақстан Республикасының қаржы агенттіктері тізбесіне енгізілгеніне және бағалы қағаздардың KASE ресми тізіміне кіруіне байланысты.

Банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Наурыз» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған және үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылып келеді.

«Осы уақытқа дейін 15 000 тұрғын қоныс тойын тойлады. Оларға қолжетімді несие беру үшін 500 млрд теңге тарттық. Биылдан бастап азаматтар бағдарламаға қатысып қана қоймай, оның инвесторы да бола алады», деді Ләззат Ибрагимова.

Енді облигацияларды заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалар да сатып ала алады.

Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?

Облигацияларды қалай сатып алуға болады?

Жеке тұлғалар облигацияларды брокерлік компаниялар мен олардың мобильді қосымшалары арқылы сатып алады. Атап айтқанда, Alatau City Invest, BCC Invest және Halyk Finance.

Сатып алу тәртібі:

  1. Қосымшаны жүктеп, брокерлік шот ашу.

  2. Шотты қаражатпен толықтыру.

  3. «Отбасы банк» облигацияларын таңдап, параметрлерімен танысу.

  4. Сатып алуға өтінім беру.

Әдетте өтінімдер 12 наурызға дейін алдын ала қабылданады. Нақты мерзімді брокерден нақтылаған жөн.

Заңды тұлғалар да өз брокерлері арқылы қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар