Оқиға • Бүгін, 10:33

Семейдегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы қалай?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында 3 наурыз күні кешкі уақытта балалар ойын-сауық орталығында тұтанған өрт 3 100 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейдегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Фото: ТЖМ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 4 наурыз таңғы сағат 06:00-дегі дерегіне сүйенсек, медициналық көмекке 11 адам жүгінген, оның 4-і – балалар. Бір бала Семей медициналық университетінің балалар бөліміне жатқызылып, қалған үшеуі амбулаторлық ем алуға жіберілген. Тағы 7 ересек адамның 4-і ауруханаға жатқызылса, қалған 2-іне оқиға орнында көмек көрсетілген. Тағы 1 адам тексерілуден бас тартқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ойын аймағынан басталған өрт ғимарат ішіндегі тез жанғыш материалдардың әсерінен қас-қағымда өршіп кеткен. Қою түтін мен лаулаған жалын құтқарушылардың жұмысын қиындатқанымен, өрт сағат 22:08-де толықтай сөндірілген. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, келушілер мен қызметкерлер дер кезінде өз бетінше эвакуацияланып үлгерген.
Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын және өрттің шығу себебі мен оған қатысы бар тұлғалардың анықталып жатқанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар