Төтенше жағдай • Бүгін, 17:30

Щучинсктегі жарылыстан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Щучинск қаласында орын алған жойқын жарылыстың зардабы күн санап ауырлап барады. Дәмханадағы өрттен ауыр жарақат алған тағы екі адам қалалық ауруханада көз жұмды. Осылайша, бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы саны тоғызға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Щучинсктегі жарылыстан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті
Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Нариманның мәлімдеуінше, ажалмен арпалысқан науқастардың денесін 70-85 пайызға дейін ауыр күйік шалған. Ақ халатты абзал жандардың бар күш-жігерін салып, реанимациялық шаралар жүргізгеніне қарамастан, жарақаттың тым ауырлығынан оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
«Кеше Щучинск аудандық ауруханасында ауыр жарақат алған бір науқастан айырылдық. Бүгін, өкінішке қарай, денесінің 85 пайызы күйген тағы бір пациентіміз көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ асқынулардың тым ауырлығы әсер етті. Қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деді Ермек Нариман.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпан күні дәмханадағы газ баллонының жарылыс болды. Қазіргі уақытта 6 науқас Щучинск пен облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бес адам санавиациямен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығына жеткізілген. 8 тұрғын аудандық ауруханада амбулаторлық ем алуда.

Соңғы жаңалықтар