Экономика • Бүгін, 15:15

Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау тәртібі енгізілді. Қаржы вице министрі Ержан Біржановтың айтуынша, басты өзгеріс – аударымдардың жалпы сомасына қосымша талаптың енгізілуі, деп жазады Egemen.kz.

Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма?

Енді тек 100 ден астам адамнан ақша түсуі жеткіліксіз. Бақылауға ілігуі үшін 3 ай қатарынан 100 ден астам әртүрлі адамнан тұрақты аударым болуы және сол кезеңдегі жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан, яғни шамамен 1 млн теңгеден асуы керек.

Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?

Министрлік өкілдері жақын туыстар мен отбасы мүшелері арасындағы аударымдарға ешқандай бақылау жүргізілмейтін мәлімдеді.

Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады

Айыппұл тек кірісті әдейі жасырған және салықтан жалтаруды мақсат еткен тұлғаларға ғана қолданылады. Тіркелмеген кәсіпкерлік үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Ал алғашқы хабарламалар келесі жылдың 15 сәуірінен кейін келе бастайды. 

Кімдер салық тексерісіне ілігуі мүмкін?

 

Соңғы жаңалықтар