Қазақстан • Бүгін, 18:05

«Қазпошта»: Таяу Шығыстағы 7 елге сәлемдемелер жөнелту тоқтатылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлім қылды. Бұл шектеу – Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Қазпошта»: Таяу Шығыстағы 7 елге сәлемдемелер жөнелту тоқтатылды

Фото: freepik.com

«Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Иордания және Израиль елдерінің бекітілген пошта операторлары барлық халықаралық авиапошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеудің уақытша тоқтатылғанын хабарлады», делінген «Қазпошта» таратқан ақпаратта.

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады

Яғни, аталған елдерге жөнелтілімдердің барлық түрі бойынша қабылдау арнайы өкім шыққанға дейін уақытша тоқтатылды.

Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?

«Қазпошта» тарапы қабылдаудың қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайды.

Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді

Соңғы жаңалықтар