Фото: Туризм және спорт министрлігі
Министрліктің мәліметінше, негізгі іс-шаралардың бірі – Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастыратын «Амал келді – жыл келді» мәдени мерекесі. Мереке дәстүр бойынша Наурыз мейрамынан бір күн бұрын 13 наурызда Отпан тау киелі кешенінің аумағында өтеді. Іс-шара бірлік, сабақтастық және рухани жаңғыру құндылықтарын дәріптейді. Бағдарламада ұлттық ойындар, концерттік қойылымдар, қолөнер көрмелері, сондай-ақ киіз үйлерде дәстүрлі тағамдар ұсынылады. Мерекенің басты рәсімі – жаңа өмірлік кезеңнің басталуын және қоғамның топтасуын білдіретін бірлік отын жағу дәстүрі.
Сонымен қатар 21 наурыз күні Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалада «Дастархан» гастрономиялық фестивалі өтеді. Фестиваль гастрономиялық туризмді дамытуға, жергілікті қоғамдық тамақтану орындарын қолдауға және өңірдің гастрономиялық өзіндік ерекшелігін насихаттауға бағытталған. Бағдарлама аясында тағамдардан дәм тату, аспаз шеберлерінің шеберлік сабағы, байқаулар мен мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өткізіледі. Бұл бизнес өкілдері мен қала қонақтарының өзара байланысын нығайтатын ашық алаң қалыптастырады.
Бұл іс-шаралар өңірлердің мәдени және гастрономиялық байлығын таныстырып, ел тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орталыққа айналады.