Фото: instagram.com/almaty.bioreserve
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді.
Айта кетейік, Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Оның аландарымен бірге фототұзаққа түсуі қорық аумағында жабайы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай жасалғанын аңғартады.