Айта кетейік, бұл әзілкештің Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концерті.
«Мен Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын», деді Нұрлан Сабуров.
Әзілкеш өзінің басындағы жағдайды ирониямен жеткізіп, енді «суперпатриоттық концерттер қоятын шығармын» деп әзілдеді.
Айта кетейік, бұған дейін әзілкешке Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғанын хабарлаған едік. Ол бұл шешім туралы Мәскеуге ұшып барған кезде білген, кейін бірден Алматыға ұшып кеткен. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.