Оқиға • Бүгін, 14:47

Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Аманқарағай ауылының тұрғынына қатысты шулы қылмыстық іс бойынша үкім кесілді, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты

Фото: Жоғарсы Сот

Анықталғандай, 2025 жылғы 29 қыркүйекте сотталушы қызғаныштың кесірінен қолына пышақ алып әйелінің бөлмесіне бара жатқанда, кәмелетке толмаған ұлын кезіктірген. Ол балаға бірнеше рет пышақ сұққан. Ұлын арашаламақ болған әйел де бала да оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Сот залында зардап шеккен тарап – марқұм әйелдің анасы мен туыстары қылмыстың ауырлығына қарамастан, сотталушыға рақымшылық көрсетуді сұраған. Сотталушы өз кінәсін тек «жартылай» мойындап, бұл әрекетін «шок күйінде жасағанын» айтқан.
Сот шешімімен қылмыскер өте қатаң қауіпсіздік жүйесіндегі мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 
Соңғы жаңалықтар