Қаржы • 19 Ақпан, 2026

Юань долларды алмастыра ала ма?

10 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Юанизация – әлемдік экономиканың басты трендіне айналды. Юаньнің үлесі 20%-дан Қытайдың сыртқы сауда есептеулеріндегі үштен бір бөлікке дейін өсті. Сарапшылардың пайымдауынша, юаньнің ықпалы артқанымен, ҚХР-дың қатаң валюталық бақылауына байланысты ол долларды жақын арада алмастыра алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юань долларды алмастыра ала ма?

Фото: istockphoto.com

Трансшекаралық сауда мен интеграция

2025-2026 жылдарға арналған болжамдар Қытай ІЖӨ-інің 4,5-5% деңгейінде өсетінін көрсетеді. Осы орайда юань (CNY) бағамның құбылмалылығына қарамастан, халықаралық есеп айырысудағы маңызды баламаға айналып отыр. Қытай валютасы ХВҚ-ның SDR қоржынына қосылуы, жоғары тұрақтылығы және жаһандық төлемдердегі үлесінің артуы (3%-дан астам) арқасында тартымдылығын дәлелдеді. 2025 жылы юань Қытайдың трансшекаралық саудасындағы ең танымал валюта атанып, 48% үлеске жетті. Бұл көрсеткіш валюталық тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді. Linklaters сарапшыларының пайымдауынша, Қазақстан үшін юаньді пайдалану алыпсатарлық емес, терең қолданбалы сипатқа ие. Қытай экономикасымен өсіп келе жатқан интеграция мен ортақ инфрақұрылымдық жобалар юаньмен нақты өтімділікті қамтамасыз етуді талап етеді. «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында борыштық нарық арқылы тартылған қаражат жобаларға қайта инвестицияланып отыр. Осылайша, Қазақстан өз мүдделерін сыртқы құбылмалылықтан қорғай отырып, долларлық жүйеден тыс капиталды жоспарлы түрде қалыптастырып келеді.
 
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында юаньнің нетто-сату көлемі 1,7 млрд теңгені құрады. бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға артық. Айырбастау пункттерінде қытайлық юаньді «таза» сату көрсеткіші бесінші жыл қатарынан өсіп, соңғы төрт жылда жылына 1 млрд теңгеден асып түсті. Қытай юанінің ресми бағамы өткен жылы орта есеппен 72,6 теңге болды. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 11,2%-ға жоғары. Салыстыру үшін айтсақ, бір жыл бұрын юань бағамы небәрі 1,3%-ға ғана өскен болатын.

Ақпан айында юань бағамы неге қымбаттады?

Биылғы жылдың басында юань бағамы орта есеппен 72,8 теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,3%-ға, ал 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,3%-ға жоғары. Жылдың екінші айын қытай валютасы 72,1 теңге шамасында бастаса, 3 ақпанда 0,9%-ға қымбаттап, 72,8 теңгеге жетті. Жалпы, жыл басынан бері юань бағамы 0,6%-ға ғана өсті (2026 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш – 72,3 теңге). Белгілі сарапшы Расул Рысмамбетовтың айтуынша, қытай валютасының өзіндік ерекшеліктері бар.
«Юань бағамы - көп жағдайда саяси. Қытай доллардың орнын толығымен ауыстыруға ұмтылмайды, себебі ол капиталды қатаң бақылауды талап етеді және экономиканың нақты секторына зиян келтіруі мүмкін. Оны қытай тауарларын тартымды ету үшін ҚХР Коммунистік партиясы кейде аздап әлсірете отырып орнатады», дейді Расул Рысмамбетов
Еліміздегі айырбастау пункттері бесінші жыл қатарынан қытай юанінің «таза» сатылымын арттырып келеді. Соңғы төрт жылда бұл көрсеткіш жыл сайын 1 млрд теңгеден асып түскен. Сонымен қатар юаньді «таза» сату көрсеткіші 2025 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін тұрақты өсім көрсетті. Желтоқсан айында нетто-сату көлемі 196 млн теңгені құраса, ең жоғарғы көрсеткіш – 419,2 млн теңгеге жеткен. Теріс динамика тек наурыз (-9,3 млн теңге) және маусым (-16,6 млн теңге) айларында ғана байқалды. Қытай валютасына деген сұраныстың артуы оның бірқалыпты нығаюымен тікелей байланысты. Юаньнің орташа ресми бағамы 2025 жылы 72,6 теңгені құрады. Бұл 2024 жылғы орташа деңгейден 11,2%-ға жоғары. Салыстыру үшін айтсақ, бір жыл бұрын бағамның өсуі небәрі 1,3% болған еді.
 
2026 жылғы қаңтарда юаньнің орташа бағамы 72,8 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл желтоқсандағы мәннен 0,3%-ға, ал өткен жылдың қаңтарынан 1,3%-ға жоғары. Ақпан айын 72,1 теңгемен бастаған валюта 3 ақпанға қарай 0,9%-ға қымбаттап, қайтадан 72,8 теңгеге жетті. Жыл басынан бері бағамның жалпы өсімі 0,6%-ды құрады.

Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті

Қазақстанның Азия, Еуропа, Ислам және Халықаралық банктерден, сондай-ақ Жапония мен Германияның кредиттік агенттіктерінен алған қарыздары өткен жылмен салыстырғанда қысқарды. Алайда, Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкімен несиелендіру үдерісі бұрынғы деңгейде қалып отыр. Қазіргі таңда Қытай банкі берілген несиелер көлемі бойынша сегіз халықаралық даму банкінің ішінде 4-орында тұр.

«Самұрық-Қазына» China Development Bank-пен 1 млрд доллар несие желісі туралы келісімге қол қойды. Оның едәуір бөлігі юаньмен номинацияланады. Сондай-ақ 10 млрд юаньға Panda Bonds облигациялық бағдарламасы бекітілді. «Самұрық-Қазына» өз қарызын Қытайдың шетелдіктер үшін жабық ішкі қор нарығына орналастыратын Қазақстанның алғашқы эмитенті болмақ. Ал квазимемлекеттік компаниялар Гонконгты табысты игеріп жатыр. «ҚазМұнайГаз» және Қазақстанның Даму Банкі dim sum bonds (юаньмен номинацияланған, бірақ материктік Қытайдан тыс шығарылған облигациялар) шығару бойынша тиісінше 1,25 млрд және 2 млрд юань көлемінде дебют жасады.

Қазақстанда жұмыс істейтін қытай банктері (23 ЕДБ арасында активтер бойынша 15-ші және 16-шы орындарда) соңғы үш жылда активтер мен кредиттік портфельдердің өсуі бойынша жеделдеді. «Алматыдағы Қытай Сауда-өнеркәсіптік Банкі» және «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ (Altyn Bank қытай тарапының бақылауынсыз) 2023 жылдан 2026 жылға дейін активтерді 766 млрд-тан 1,2 трлн теңгеге дейін (56%-ға), ал несие портфелін 181 млрд теңгеге, яғни төрт есеге өсірді.

Қытайлық банктерде пайыздық маржаның мөлшері нарықтағы орташа көрсеткіштен сәл төмен, бірақ соңғы үш жылда күтілетін залалды қарыздарға арналған қаражат – провизиялардың мөлшері артқан. Қытайлық банктер, ең алдымен, ҚХР инвесторларына бағдарланған операциялық-есеп айырысу ұйымдары ретінде жұмыс істейді.

Юань неге тартымды валютаға айналды?

Артықшылықтар пирамидасының негізінде қаражат тарту құнының доллармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Одан кейінгі кезекте тәуекелдер факторы тұр. Американдық валюта бұдан былай монолитті де, мінсіз де емес. ЖІӨ-нің 120% -ы (37 трлн доллар) мемлекеттік қарызы бар американдық экономиканың құрылымдық проблемалары жеке инвесторлар мен орталық банктердің қызығушылығын неғұрлым қорғаныш активтері жағына қарай жылжытады. Ұлттық банк алтынға басымдық берді: 2025 жылы резервтегі бағалы металдың үлесі 52%-дан 72%-ға дейін өсіп, валюталық тәуекелдерге тәуелділікті төмендетті. 
Linklaters халықаралық заң компаниясының серіктесі Теренс Лау Қазақстанға юань абстрактілі қаржы құралы ретінде емес, нақты міндеттер үшін жұмыс валютасы ретінде қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қытаймен ынтымақтастық көлемі мен юаньға деген сұраныс қолданбалы сипатқа ие болып, тікелей инвестициялық ағымдармен тығыз байланысты деңгейге жетті. Сонымен қатар сарапшылар юань рөлінің өсуі Қытайдың ішкі экономикалық қиындықтары – өнеркәсіптік өсімнің баяулауы және құрылыс секторындағы дағдарыс аясында орын алып отырғанын алға тартады. Алайда, Қазақстан үшін бұл тәуекел емес, керісінше, ірі сауда серіктесімен неғұрлым прагматикалық және әртараптандырылған қаржылық өзара іс-қимыл факторы.
 
Осылайша, Қазақстанның юаньге деген қызығушылығын дәстүрлі валюталардан бас тарту емес, әлемдік экономиканың өзгермелі құрылымына бейімделу деп қабылдаған жөн. Біздің нарықта Қытай біртіндеп тек өндірістік қана емес, қаржылық орталық ретінде де позициясын нығайтып келеді.
Соңғы жаңалықтар