ӨСКЕМЕН. 25 ақпан. Шығысқазақстандықтар «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» эстафетасын зор қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс орталығына кіре берістегі Қаракерей Қабанбай батыр ескерткішінің жанында еліміздің көк байрағы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ассамблея жылының тулары желбіреген автокөлік керуені аталған эстафетаның басты нышаны «Тайқазанды» төбелеріне көтере енгенде Шығыс өңірінің халқы айрықша салтанатпен күтіп алды.
Эстафета мүшелері Өскеменнің орталық алаңындағы Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Облыс орталығында «Тайқазанды» өңір басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала жұртшылығы қарсы алды. «Subaru club ukg» автокөлік тізбегі әрі қарай өздерінің Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған материалдық көмектерін тапсырды. Содан соң Достық үйінде баспасөз өкілдерімен кездесу өткізді.
Тайқазан – тоқшылықтың, береке-бірліктің нышаны. Тайқазанның көшірмесі ақпан айының басында еліміздегі татулық пен келісімнің көрінісі ретінде қасиетті Түркістаннан елордаға жеткізілген болатын. Астанадан басталған автокөлік керуені Тайқазанды еліміздің барлық облыстарымен алып өтпек. Осыған дейін бірнеше өңірлерді аралап үлгерген Тайқазанның ішін отандастарымыз түрлі қайырымдылық идеялары мен жоспарлары жазылған жазбаларға толтырады. Бұл бастамалар биылғы Ассамблея жылы аясында жүзеге асырылмақ.
«Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары «Тайқазан» эстафетасын 23 ақпанда қарсы алды. Ұлтымыз үшін қасиеті бөлек жәдігер алдымен Семей шаһарына жеткізілген болатын. Енді, міне, өскемендік тұрғындар да асыға күткен эстафетамен қауышып, Тайқазанды көру бақытына ие болды. Бұл жәдігер облыс орталығында 27 ақпанға дейін болады. Шығысқазақстандықтар қасиетті жәдігердің өңірімізге келуін жақсылыққа балап отыр», – деді облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Еркімбек Аязбаев.
Ізгі тілектерге толы «Тайқазан» эстафетасы келесі кезекте Алматы қаласына жеткізілетін болады.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Спорт • Бүгін, 16:26
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:54