Қоғам • Бүгін, 12:58

Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жүргізушілердің алкоголь не есірткі тұтынғанын анықтайтын медициналық тексерісті жекеменшік зертханаларға беру мәселесі әзірге қолдау таппады. Үкімет олардың бұл жұмысқа техникалық әрі ақпараттық тұрғыдан дайын емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді

Фото: kolesa.kz

Биыл қаңтарда сенатор Жанна Асанова мемлекеттік мекемелермен қатар жеке зертханаларға да тексеріс жүргізуге мүмкіндік беріп, қорытындысын ресми мойындауды ұсынған еді. Депутаттың айтуынша, Алматыда мұндай сараптама жасайтын небәрі екі зертхана бар, оларға жету қиын және кезек көп. Соның салдарынан жүргізушілер балама тексерістен дер кезінде өте алмайды. Ол зертхананы таңдау немесе тәуелсіз қайта сараптама жасату мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, азаматтардың қорғану құқығы әлсірейді, ал бұл медициналық рәсімге деген сенімге селкеу түсіреді деп есептейді.

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында ел бойынша 300 медициналық тексеріс орталығы жұмыс істейтінін атап өтті. Тексеріс қорытындысы электрондық жүйеде сақталады және оны өзгертуге жол берілмейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін нәтиже автоматты түрде прокуратура мен ішкі істер органдарына жолданады.

Үкімет басшысының айтуынша, жекеменшік зертханалар қазіргі медициналық тексеріс жүйесіне қосылуға дайын емес. Сондықтан бұл мәселені кезең-кезеңімен қарау қажет. Ол үшін ақпараттық жүйелерді бірыңғай электрондық базаға біріктіру, рұқсат беру тетігін, аккредитация тәртібін және зерттеу нәтижесін ресми тану қағидаларын заңнамада нақтылау керек.

Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған

Сонымен қатар тексеріс орталықтарының қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр. Әсіресе шалғай елді мекендердегі мекемелерде арнайы кабинеттер ашу жоспарланған. Бұл жүргізушілерді жұмыс орнында тексеруге мүмкіндік береді.

ІІМ жүргізушілерге қойылатын «жаңа талаптар» туралы қауесетті жоққа шығарды

Соңғы жаңалықтар