АСТАНА. 26 наурыз. Тәжікстанда жақын туыстардың бір-біріне үйленуіне тыйым салу мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Бұл туралы news-asia.ru хабарлады.
Қазіргі таңда елдің Денсаулық сақтау министрлігі аталған жағдаятқа байланысты заң жобасын әзірлеу қажеттігін алға тартып отыр. Министрліктің мұндай бастама көтеруіне бір-бірімен үйленген өте жақын туыстардың отбасыларында туған балалардың арасында мүгедектердің тым көбейіп кеткені мәжбүр еткен. Осы орайда ведомства мамандары Хатлон облысында жүргізген зерттеу нәтижелерін алға тартқан.
Хатлон облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім кеткендей, өңірде 18 жасқа дейінгі 9 700 мүгедек бар екен. Олардың 1 546-сы жақын туыстардың некелесуінен туғандар көрінеді.
Республикада осындай некелерден дене және ақыл-ес кемістігі бар балалар көп туылып жатқаны дәлелденсе де, елде бұған тосқауыл қояр заң жоқ. Осы жөнінде 2013 жылы қызу талқылау болған. Бірақ ол бос сөз ретінде қалып қойған-ды. Енді міне, бұл тақырып қайтадан сөз бола бастады. Бұл жолы аталмыш мәселені ел президенті Эмомали Рахмон көтерді. Демек, өте жақын туыстардың шаңырақ көтеруіне заң жүзінде тоқтау салу ісі өз шешімін табатыны әбден мүмкін.
Жалпы, дәстүрлі, әбден қалыптасып қалған үрдіске президенттің өзі қарсы шықса, мұндай некелерден тәжік ұлтының көп зардап шегіп отырғанын анық аңғаруға болады.
Э.Рахмон: «Мемлекетте 13 мың мүгедек бала бар.Олардың басым бөлігінің әке-шешелері өте жақын туыстар. Сондықтан, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мұндай некелесуді түп-тамырымен құрту мақсатында жұмыс істеу керек», деді.
Әрине, қоғам болған соң әртүрлі пікірлер айтылып жатады. Тәжікстан президентінің сөзін халықтың бір бөлігі қолдаса, екінші бөлігі қабылдағысы жоқ.
Туысқандардың некелесуін қолдайтындарды да түсінуге болар. Өйткен, мұндай отбасы құру дәстүрі тәжіктердің арасында көптеген ғасырлар бойы жалғасып келген. Ал осылайша қалыптасқан үрдістен халықты бірден ажырату оңай шаруа емес. Көптеген адамдар өзге, туыстық жағынан алыс отбасымен құда болуды жаратпайды. Мұндай пікірдегілер туыстардың некесінен туған балалардың генінде кінәрат бар екенін растайтын нақты ғылыми дәйектер керек деп санайды.
Ал дін өкілдерінің сөзіне қарағанда, немерелес туысқандардың некелесуін Ислам діні қолдамайды, бірақ, оған тыйым да салмайды екен. Дегенмен, Ислам ғалымдары туыстық жағынан алыс жандардың некесінен туған балалардың денсаулықтары жақсы болатынын айтады.
Айта кетейік, Ұлыбританияда жүргізілген news-asia.ru соңғы зерттеу нәтижесінде туысқан адамдардың некесінен туған сәбилер арасында дене және ақыл-ес кемістігі бар балалардың көп кездесетіні анықталған.
Жолдыбай Базар.
Дерек: news-asia.ru.
Сурет: azattyg.org.
• 26 Наурыз, 2015
Тәжікстанда жақын туыстардың некелесуіне тыйым салынуы мүмкін

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06