Аймақтар • Бүгін, 12:48

Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әулиекөлде халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрған 24 отбасы баспаналы болды. Қоныс қуанышына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

«Мемлекет басшысы ауыл халқын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Қостанай облысында бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ел игілігіне беріліп жатқан тұрғын үй көлемі жыл сайын артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 63,7 мың шаршы метрі ауылдық жерге тиесілі. Нәтижесінде 5,4 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді», деді әкім.

8

Көксуда дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Баспана қуанышына ие болғандардың бірі –  Гүлсара Сарина.  

«Мен 2019 жылдан бері баспана кезегінде тұрдым. Бес баланың анасымын. Бүгін өз пәтерімізге қол жеткізіп, ерекше қуанышқа бөленіп отырмыз. Осындай мүмкіндік жасаған мемлекетке алғысымды білдіремін», дейді көпбалалы ана.

9

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Соңғы жаңалықтар