Фото: instagram.com/sgork_official
Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған «Kazakhstan А», «Kazakhstan B», «Kazakhstan C», «Kazakhstan D» командалары және «Kazakhstan Tomiris» әйелдер командасы қатысты.
UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды
Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі – Obstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan B» командасы І орынды иеленді, ал «Kazakhstan A» бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.
Турнирдің басты жаңалығы «Kazakhstan С» командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.
Жалпы рейтингте екінші орынды «Kazakhstan А» командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар қорытынды кестеде отандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді:
- «Kazakhstan B» – 8 орын;
- «Kazakhstan Tomiris» – 18 орын;
- «Kazakhstan D» – 20 орын.
UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді
Командалардың жеңісі мен жүлделі орындары – отандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші. UAE SWAT CHALLENGE-2026-да сәтті өнер көрсету Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты және біздің жауынгерлеріміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.