Фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова өнер көрсетті.
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Нәтижесінде Ю.Галышева 5-орын, А.Городко 7-орын алса, А.Әмренова 10-орынға тұрақтады. Осылайша үшеуі де финалға жолдама алған 20 спортшының қатарына енді.
Айта кетейік, ақтық бәсеке бүгін, 11 ақпанда Астана уақытымен 18:15-те басталады.
Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты