Әдебиет • Кеше

Мұқағали мұрасы дәріптелді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Мұқағали мұрасы дәріптелді

«Мұзбалақ  - жыр керуені» тақырыбымен өткен іс-шарада студент жастар ақынның бай әдеби мұрасына шолу жасап, өлеңін жатқа айтты. Ақиық ақынның  отанға, туған жерге, өмірге, отбасына деген сүйіспеншілікке толы жырлары сахнада жырланды.

Керуен үлгісінде ұйымдастырылған сазды кеште өнерлі жастар «KazNARU», «Туған жер», «Отбасы», «Ғашық жүрек», «Өмір», «Мұқағали - мәңгілік» атты бекеттерге аялдап, ақын шығармашылығына  саяхаттады.

Өнерлі жастар ақынның Үш бақытым», «Отан», «Қарасаз», «Бұзылған үй», «Әке», «Арманда, ұлым», «Дос боламын десең», «Ғашықпын», «Мен сені сағынғанда», «Күрсінбеші», «Жанарым», «Ей, өмірім!», «Мен таулықпын», тағы басқа лирикалық жырларын жатқа оқыды.

Ақынның сөздеріне жазылған «Есіңе мені алғайсың», «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Ұнатамын мен сені», «Несіне асығады», «Мұзбалақ» әнң кештің көркін кіргізді.

Университеттің Жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен өткен кеш Мұқағали поэзиясының жастар үшін маңызын аша түскендей еді.

Соңғы жаңалықтар