фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.
Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен − Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.
Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.
Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?
Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды − 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды − 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді − 1:13.95.
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты