26 Наурыз, 2015

Шешенстан АҚШ-ты Мексикаға қару бермекші болып қорқытты

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-03-15-abdurrahmanov-1

АСТАНА. 26 наурыз. Шешенстан парламенті Мексикаға АҚШ басып алған территориясын қорғауы үшін қару-жарақ жеткізіп беру құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді. Бұл туралы LifeNews сайты хабарлады. Шешенстан парламенті АҚШ-ты өзінің өктемдігі мен бәрін жасай беруге құқылығын танытатын империалистік көзқарастан бас тартып, Ресеймен тең құқықты дәрежеде диалог жүргізуге шақырды. Парламент спикері Дукуваха Абдурахманов АҚШ конгресінің Барак Обаманы Украинаға қару-жарақ беруге шақыру жөніндегі қарарын сөз ете отырып, мұны Шешенстанға тап осындай тірліктер жасауға – ең жаңа қаруларды Мексикаға жеткізіп беруге құқық беретінін мәлімдеді. «АҚШ-тың Ресейге өзімен достас халықпен қандай қарым-қатынас жасауға кеңес беретіндей ешқандай құқығы жоқ. Украинаға қару-жарақ беру бізге дәл сондай әрекетті жасауға белгі береді, біз АҚШ жаулап алған таласты территориясын қайтарып алу жолында күресуі үшін Мексикаға қару-жарақ жеткізіп беретін боламыз. Ал бұл территорияларға Калифорния, Нью-Мексика, Аризона, Невада, Юта, Колорада штаттары мен Вайомингтің бір бөлігі жатады, - делінген Шешенстан парламентінің сайтында жарияланған хабарламада. – Біз Ресейде, Мексикада, Америкада жоғарыда аталған штаттарды АҚШ-тан бөліп алу және оларда партизан соғыстарын жүргізу жөнінде мәселе көтеретін конференциялар өткізу құқығын өз мойнымызда қалдырамыз». Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: LifeNews.